Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Оралда кепілге алынған әйел: Полиция болған оқиғаны кеңінен баяндап берді

Арнайы операцияны министр Тұрғымбаев онлайн арқылы тікелей өзі басқарды.

Сурет : Мой город29 Қараша 2019, 10:29

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев 28 қарашада Орал қаласындағы кепілге алынған әйелді құтқару бойынша өткен арнайы операция жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

- 28 қарашада сағат 13.10 уақытында Орал қаласының 102 шұғыл байланыс желісіне "Жазира" аялдамасында қолына пышақ пен граната ұстап алған бір ер адам әйелге шабуылдап, қорқытып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқыс оқиға орнына бес минут ішінде патрульдік полиция жасағы барды. Бұл уақытта ер адам жүгіріп, Жәңгір хан көшесі 13 үйде орналасқан нотариустың кеңсесіне кіріп, ішінен жауып алған, - дейді Сүйінбаев.

Бұл оқиға жөнінде БҚО ДП, ҰҚК, прокуратура ІІМ басшылығы, облыс әкімі бірден құлақтандырылды. Арнайы бөлімше басшылары мен арнайы күштердің жеке құрамы аяғынан тік тұрғызылды. Оқиға орнына қосымша күштер тартылып, полиция бүкіл ауданды қоршауға алды.

- 13.25 уақытында нотариат бөлмесі орналасқан үй тұрғындарын эвакуациялау басталды. 13.45-те оқиға орнында жедел штаб құрылды. Үйге электр қуаты мен газ беру тоқтатылды. Ал эвакуацияланған тұрғындарды әкімдік №20 орта мектептің ғимаратына апарып, уақытша орналастырды. Жеке құрам мен тұрғындарды жылытуға арналған машина берілді. Ыстық тамақ берілді. Кепілге алушының тұтқындағы әйелдің күйеуі екені анықталды. 15.00 уақытында күдікті бірінші талабын алға тарта бастады, содан кейін ол айнып қалды. 16.00-де қайтадан қалауын айта бастады. Келіссөздер ашық терезе арқылы жүргізілді, есікке сейф пен жиһаз қойып, бекітіп тастаған.

Оқиға орнына Орал қаласында тұратын күдіктінің туыстары келіссөз үшін шақырылды. Полиция қызметкерлерімен, туыстарымен және прокурорлардың заңды түсіндіруімен жүргізілген ұзақ келіссөздерден кейін кепілге алынған адам босатылды, - деп түсіндірді Серік Сүйінбаев.

Айта кетейік, арнайы операция кезінде ешқандай қару қолданылмады. Қылмыскер ұсталып, пышақ пен граната тәркіленді.

- Ішкі істер министрлігінде операцияның тікелей онлайн трансляциясы жүргізіліп жатты. Арнайы операцияны министр Тұрғымбаевтың өзі басқарды. Мамандар онлайн арқылы кеңес беріп отырды. Біз ол жаққа білдірмей кіре алатын едік, бірақ кепілге алушымен алдымен келіссөз жүргізген дұрыс деп шештік. Ол сөзге келіп, алдымен әйелін босатты, содан кейін арнайы жасақ жауынгерлері оны ұстады, - деді Серік Сүйінбаев.

Кейін белгілі болғандай, оның қолындағысы шын граната болмай шықты. Ер адам оқиғадан бір сағат бұрын қаладағы аңшыларға арналған дүкеннен гранатының манекенін сатып алыпты.

- Ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кордексінің 261-бабы, «Кісіні кепілге алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді БҚО ДП бастығының міндетін атқарушы.

Кепілге алынған әйел бірден ауруханаға жеткізілді, Ол әбден қорқып қалған. Әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз: Оралда әйелді кепілге алған кеңсеге полицейлер шоколад пен шампан жеткізді

"Оның сол жақ санында тілік түріндегі жарақат бар. Жағдайы қанағаттанарлық. Әйел психологтың қарауына алынды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер