Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сенат басшысының бұрынғы орынбасары Президенттен ұлына араша сұрады

Сергей Тихоновтың ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Сурет : stavgorod.ru29 Қараша 2019, 22:59

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұрынғы орынбасары Сергей Тихонов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділдік іздеп хат жолдап, "қылмыс жасады" деп айыпталған ұлына араша сұрады, деп жазады "Время" газеті.

- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге осы хатты жазуға мені қарапайым өмірдегі жағдайлар итермеледі. Ұлым Виктор Сергеевич Тихонов, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының бұрынғы бастығы, әділет кеңесшісі, үшеуі кәмелетке әлі толмаған төрт баланың әкесі қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылып жатыр», - деп жазды Тихонов Қазақстан Президентіне жолдаған хатында.

Сенат басшысының бұрынғы орынбасары өз ұлының ұсталуы және оған қарсы қозғалған істің оның кәсіби қызметіне тікелей байланысы барын, ол айналысқан нақты бір істер бойынша есеп-айырысу, қастасып өш алу екенін баса айтады.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жекелеген қызметкерлері (2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі болып өзгертілген - ред.) Бас прокуратураның басшылығына Виктордың контрабандашылар мен заңсыз құмар ойындарымен айналысатын адамдарды өз қамқорлығына алып, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың серкелерімен байланысы болуы мүмкін қылмыстық істерге қатысы бар деп жалған ақпарат берген.

Бүгінгі күні осы келтірілген айыптардың бір де бір пунктінің дәлелденбеуі даусыз факт болып табылады, ал менің ұлымның осылай қаралап көрсету және бас прокуратура басшылығын ол туралы жемқор және «погондағы хайуан» сынды пікір қалыптастыруға тырысуы, әрине "тапсырыс бойынша жасалған қойылымға" сай келеді, - деп жазады Тихонов.

Ол баласының ҚР Қылмыстық кодексінің 413-бабы, яғни "Адамды қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босату" бойынша қамауға алынып, жауапқа тартылғанын айтады.

Сенат басшысының бұрынғы орынбасарының айтуынша, 2017 жылы наурызда ұлы Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокурорының міндетін атқарушы болып тұрғанда тонау фактілері жеткіліксіз болғандықтан бір адамға қатысты тонау айыбын бұзақылыққа ауыстырған. Оның үстіне, ол одан ешқандай материалдық немесе басқа да пайда түсер нәрсе алмаған, тергеу кезінде оның сол айыпталушы адаммен бұрын жүздеспегені, танымағаны дәлелденген.

Алайда сот айыпты қайта тағайындауда ол "астамшылық сезіміне" бой алдырған деген қорытындыға келген.

- Дегенмен, мұндай жағдайда да сот тергеумен келісіп,"В.Тихоновтың бұл қылмысты жасауға мансапшылдық мотиві итермелеп, ол бұл қылмысқа астамшылық сезіміне бой алдыртқаннан барған" деген шешім қабылдады, - делінген хатта.

Сенат басшысының бұрынғы орынбасары бұл істің баласын тұтқындап және оған айып таққандарды қорғау үшін жасалғанын айтады.

- Оның үстіне сот отырысы ұлыма келтірілген күдікті растау үшін емес, оны қамауда ұстау негізі бойынша жүрді. Мұның бәрі оны ұстаған, жалған айып таққан адамдарға мәселе туындамас үшін осылай жасалды, - дейді Тихонов.

Хат авторы атап өткендей, Виктор Тихоновқа тағылған айып бойынша осы күнге дейін бүкіл Қазақстан тарихында бір де бір прокурор сотталған емес.

Сергей Тихонов Тоқаевтан осы жағдайды объективті түрде бағалауға ат салысуды сұрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер