Жаңалықтар тізбегі
0

Мирас Мұқаш Aqtóbe телеарнасының директоры болып тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 21:25 Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа басшыны ұжымға "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымының орынбасары-Қоғам басқармасының мүшесі Ержанар Әшейхан мен Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов таныстырды.

Белгілі журналист, жазушы Мирас Мұқаш "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы "Aqtóbe" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымының орынбасары-Қоғам басқармасының мүшесі Ержанар Әшейхан мен Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мирас Құлтөлеуұлы Мұқашев 1985 жылы дүниеге келген. Оразаев атындағы Халықаралық журналистика инсититуты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің теле-радио журналистика кафедрасында оқып, бітірген. Ұзақ жылдар жетекші телеарналарда еңбек етті. Атап айтқанда, еңбек жолын "Хабар" агенттігінің Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілші-редакторлығынан бастаған. Кейін агенттіктің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, "Қазақстан" РТРК" АҚ Алматы бюросының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, республикалық "7 Арна", "Нысана" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің Алматы қаласындағы тілші-редакторы, "Қазақстан" РТРК" АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ бас сарапшысы. "Хабар" Агенттігі Бас пиар менеджері, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Үйленген. Екі ұлы, бір қызы бар. Қазақстан Журналистер одағының, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. "Ақ шағала" прозалық кітабының авторы. "Шабыт" халықаралық фестивалінің дипломанты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, "Қазақстанның үздік журналисі" марапатын алған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 21:25

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: