Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда егеуқұйрық қаптап жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 16:15 видеодан кадр
Осы мәселенің анық-қанығын білмек болып, әкімдікке хабарласқанымызда, олар ресми жауап беруден бас тартты.

Жолындағының бәрін жапырып жүретін кеміргіштер, енді тұрғындарға да маза бермей жатыр.

Оған 13 қабатты үйдің астында жұмысын бастаған ет дүкені себеп болуда. Қазір, әбден дәнігіп алған тышқандар, баланы қойып, ересектен де сескенбейтін болған.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Вот здесь затыкала дырку, потому что боюсь, что там, оттуда крысы ходят, вонь идет. Отсюда тоже всё бетоном залили".

Осылай деп ашынған тұрғындар егеуқұйрықтардың қазып алған індерін бекітіп әлек. Себебі, тұрғын үйдің қуыс-қуысынан шыққан кеміргіштер түнімен маза бермейді екен. Ал, бұл видеоны тұрғындардың өздері түсіріп алған. Байқағанымыздай, мынадай жүк көліктері дүкенге әлі бөлінбеген еттерді қосалқы есік арқылы таситын көрінеді. Дәл осы малдың қалдықтары егеуқұйрықтың көбеюіне себеп болып отыр, - дейді әлеумет.

Тимур Жұбақов, қала тұрғыны:

"Қазір, біздің үйлерімізде әрине кішкентай балдарымыз бар. Өкінішке орай, тараканда пайда болды. Егеуқұйрықтар да пайда болды. Тіпті, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұркеновке де кіріп шықтық. Ол кісі жүйелі түрде тексеріс өткіземіз деген. Өкінішке қарай, ешқандай тексеріс те болып жатқан жоқ".

"Жағалау" шағын ауданындағы бұл көпқабатты үйдің пайдалануға берілгеніне 4 жыл ғана болыпты. Ал, ет дүкені ашылғалы жұрт терезе ашудан қалдық деп отыр. Себебі, малдың қалдықтары мүңкіп, қолаңса иіс айналаға таралатын көрінеді.

"Ет дүкені мен жұрт тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынның арасы шамамен 300 метр. Сойылған малды бөлшектеген қасапшылар, дәл мынадай сүйектерді қоқыстың арасына тастай салады. Өз ісін жасыру үшін олар жұмысын түн мезгілінде жасайды екен. Байқап қарасақ, мұнда қимылсыз жатқан егеуқұйрықтар да қаптап жатыр".

Егеуқұйрықтармен "иық тірестіруден" шаршаған тұрғындар белсенділер тобын құрып, заңды белшесінен басқан кәсіпкермен күресуді жөн санапты. Шағымын айтып, қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің қабылдауында да болған. Өз кезегінде шенеунік дүкенді тексереміз деп уәде де берген екен.

Бұлбұл Қойшыбаева, қала тұрғыны:

Бізге қорқынышты жағдай, иіс 5 қабатқа дейін көтеріледі. Күн жылыда ол рас. Өзім тұрғын ретінде сезініп жүрмін. Подъездеріміздің айналасында егеуқұйрықтар өте көп пайда бола бастады. Осы 4-5 ай ішінде. Бұл ет дүкені болғанымен, бұлар негізі оптовый сатады. Оптовый сатады хозяйындары. Бұл рұқсат етіледі ма? Балалар денсаулығына қауіпті емес па?

Тұрғындармен кездесу еш нәтиже бермеген секілді. Себебі, дәл осы мәселенің анық-қанығын білмек болып, әкімдікке хабарласқанымызда, олар ресми жауап беруден бас тартты. Ал, қалалық санитарлар болса "Жағалау" халқының қиындықтарынан хабардармыз, бірақ ешқандай көмек бере алмаймыз деп отыр.

Сархат Бейсенова, қалалық тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі сапасын бақылау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы:

"Тұрғын үйлер мен оған жапсарлас салынған нысандардың бірінші және төменгі қабаттарында дүкендер ашуға рұқсат етілген. Бірақ, ескере кететін бір жәйт бар. Дәл осындай ет өнімдерін саудалайтын орын ашылса, тұрғын үйдің аумағында сойылған малдың етін бөлшектеу санитарлық талаптармен тыйым салынған".


Жауаптылардың сөзінше, дүкенге жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін, тұрғындардың шағымы керек екен. Кәсіпкердің жұмысы санитарлық талаптарға сай келе ме жоқ па сонда ғана анықтаймыз деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: