Жаңалықтар тізбегі
0

Президент қандай шенеуніктердің көзін құртатынын айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 21:40 Ақорда
Мемлекеттік билік жүйесіне менеджерлердің жаңа толқынын тарту қажет. Бірінші қадам жасалды, президенттік жастар резерві жасақталуда - Президент.

Білігі жеткіліксіз, жетесіз шенеуніктер қызметінен босатылады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Тәуелсіздік күніне арналған марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы әрбір лауазымды тұлға өзінің қазақ халқының бір бөлігі екенін және ел игілігі үшін жұмыс істейтінін ұмытпауы керек екенін баса айтты.

- Мемлекеттік билік жүйесіне менеджерлердің жаңа толқынын тарту қажет. Бірінші қадам жасалды, президенттік жастар резерві жасақталуда. Билігі қамқор елде әрбір азамат өзін қауіпсіз және шенеуніктердің бассыздығы мен біліксіздік әрекеттерінен әрдайым қорғаныста екенін сезінуі керек. Әрине, біз ондай шенеуніктерден бас тартып, жұмыстан шығарып отырамыз, - деді Тоқаев.

Президент халқымен санасатын мемлекет тұжырымдамасы бюрократияны барынша болдырмауға және цифрландырудың арқасында барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге сүйенетінін баса айтты.

Бүгін Ақордада Тоқаев өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, әскери, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым саласының қызметкерлерінен тұратын 39 адамды марапаттады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: