Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газға қосылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 16:40 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Халықаралық маңызы бар "Бейнеу-Бозой" магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың саны артып келеді.

Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласындағы "Отырар" ықшам ауданында тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев түркістандықтарға ыстық лебізін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 16:40

Халықаралық маңызы бар "Бейнеу-Бозой" магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың саны артып келеді. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар 11 кезеңмен жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қадағалауымен биыл 35 елді мекенге газ қосылды. Жыл соңына дейін тағы 50-ге жуық ауылға табиғи газ тартылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 16:40

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін Түркістан қаласының тең жартысы, яғни, 20 000 абонентке газ қосу жоспарлануда. Осылайша шаһардағы тұрғын үйлер 56% газбен қамтылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 16:40

2020 жылдың соңына дейін Түркістан қаласы көгілдір отынмен 100 пайыз қамтылатын болады. Бұл жұмыстар "ҚазТрансГазАймақ" мекемесімен бірлесе жүргізілуде. Өңірді жүйелі түрде газдандыру мақсатында, 500-ге жуық елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік беретін қосымша жалпы сметалық жобалар әзірленуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 16:40

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: