Жаңалықтар тізбегі
0

Автошабандоз Артур Ардавичус 800 млн теңге жеп қойған сияқты

youtube.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 20:48 youtube.com
Тергеу мәліметінше, Ардавичус ұрланған қаражатты шетелдік және қазақстандық компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалтасына салып алған.

"Astana Motorsports" командасының директоры және капитаны Артур Ардавичус 800 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деді брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2-ші департаментінің бастығы Сергей Перов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстанда автоспортты дамытуға бөлінген қаражаттың ұрлануы бойынша тергеу жүргізуде. Перовтың айтуынша, "Astana Motorsports" командасының директоры және капитаны Артур Ардавичустың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізу өтініштерін асыра көрсетіп, 800 миллионнан астам теңгені ұрлап кеткені анықталды.

Оның сөзінше, Ардавичус бұл қаражатты шетелдік және қазақстандық компаниялар арқылы шешіп алып, иемденіп алған.

Брифингте айтылғандай, Ардавичустың өзі бірнеше рет куәлік беруге шақырылған, алайда ол шетелде жүргенін айтып, келуден бас тартқан.

- Осы мән-жайларды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын айғақтайтын жеткілікті негіздердің болуын ескере отырып, оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланды. Халықаралық іздеу салу материалдары сотқа жолданды. Тергеу ұрланған қаражаттың нақты мөлшерін анықтауда, - деді Перов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: