Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыдағы ұшақ апатында елордалық дәрігер көз жұмды

Тағы бір дәрігер ауруханада жатыр.

Сурет : Facebook/Aida Alzhanova27 Желтоқсан 2019, 16:59

Алматыда ұшақ апатынан Нұр-Сұлтан қаласының дәрігері Арман Исина көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қаралы хабар. Бұл ұшақта біздің екі қызметкеріміз болды. Исина Арман мен Мұқашева Салтанат Ауруларды басқару бағдарламасының үйлестірушілері ретінде келісімшартпен қабылданған. Қаза болғандар тізімінде Арман Исинаның аты-жөні де жүрді... Жүрегіміз зырқ етті. Әрине, орны толмас қайғы. Осыдан бірнеше жыл бұрын, ол Ауруларды басқару бағдарламасының пилоттық жобасын алдымен бір облыста сынап көріп, содан кейін оны бүкіл Қазақстан бойынша енгізді. Сондай еңбекқор адам еді. Иманды болсын! Салтанат Мұқашева қазір ауруханада жатыр. Біз оның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, - деп жазды №10 астаналық клиника Facebook-тегі парақшасында.

Басшысы Гүлнар Алпысбекова бастаған №10 қалалық емхананың ұжымы ұшақ апатынан қаза болғандардың барлық туыстарына көңіл айтады.

Қаралы жайтқа байланысты елордалық клиника жоспардағы барлық мерекелік шараларды өткізбеу туралы шешім қабылдады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер