Жаңалықтар тізбегі
0

Иран жолаушылар лайнерін әдейі атқан болуы мүмкін – Канаданың премьері

tk.media, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2020 15:26 tk.media
Бұл туралы нық сеніммен айту үшін көбірек ақпарат қажет – Трюдо.

Украиналық әуе компаниясының ұшағы Иранның зымыранымен қасақана атылған болуы мүмкін, алайда бұл туралы нық сеніммен айту үшін көбірек ақпарат қажет, деген мәлімдеме жасады Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, деп хабарлайды ТАСС.

- Біз көбірек білгіміз келеді, шын мәнінде не болғанын анықтау үшін халықаралық ресми тұлғалармен, тергеумен және Иранмен жұмыс істемекпіз. Жолаушылар ұшағы әдейі атып түсірілген де болуы мүмкін, бізге көбірек ақпарат қажет, - деді ол. – Бұл әрекеттің қасақана жасалғаны туралы нақты шешім шығару үшін толық және ашық тергеу жүргізу керек.

Бұған дейін Канаданың премьер-министрі Оттавада түрлі дереккөздерден, оның ішінде Канада барлау қызметінен түскен ақпарат бар деген. Оған сәйкес, әуе лайнері аспанға көтеріле салысымен Иранның жерден ұшырылған зымыранымен атып түсірілген болуы мүмкін.

Сәрсенбіде Украинаның Тегеран – Киев бағытында ұшқан Boeing 737 ұшағы әуежайдан шыққаннан кейін көз ұзамай құлап қалды. Оның ішінде 167 жолаушы болған, оның 63-і Канада азаматы, экипаждың тоғыз мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: