Жаңалықтар тізбегі
0

Көлік полицейлері еріктілермен кездесті

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58 Көліктегі полиция департаменті
Еріктілер Көлік полицейлерімен бірге алдағы уақытта профилактикалық іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосатынын айтты.

Бүгін Көліктегі полиция департаменті және Нұр-Сұлтан станциясы желілік полиция басқармасы қызметкерлері елордалық "Менеджмент және бизнес" колледжінің еріктілерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесудің мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еріктілермен бірлесе отырып атқаратын іс-шараларды талқылау, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және әкімшілік заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстарды ортаға салу, сондай-ақ еріктілерді Ішкі істер органдарына қызметке шақыру.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан желілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Саят Сәтмұханбетов Заңнамаларға енгізілген бірқатар өзгертулерді айтып, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспарларымен бөлісті.

"Мемлекет басшысының "2020 жыл – Еріктілер жылы" деп жариялауы қоғамға керек қажеттілік деп білеміз. Халық тыныштығының ұйтқысына айналған тәртіп сақшыларының еріктілермен бірлесе жұмыс жасап, байланыс орнатуы – игілікті іске айналары сөзсіз. Полицейлерге деген халық сенімінің артуы осы игі шарамыздың нәтижесі болғай" - деді, полиция подполковнигі.

Кездесу еріктілердің құқықбұзушылыққа байланысты бірнеше сұрақтарын қамтып, құқықтық білімдерін толықтырды. Мәселен, қоғамда жиі орын алатын қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар кеңінен талқыланды. Оның ішінде ұрлық, түнгі уақыттарда кәмелет жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз жүруі, темір жол аумақтарындағы болатын оқыс оқиғалардың орын алу себептері және алдын алу шаралары, сондай-ақ түрлі ұсақ құқықбұзушылықтар туралы.

Өз кезегінде еріктілер Көлік полицейлерімен бірге алдағы уақытта профилактикалық іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосатынын айтып, осы кездесуді ұйымдастырған полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 17:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: