Жаңалықтар тізбегі
0

Отставканың мәні: Ресей үкіметі шетелдегі байлығының қызығын көруге кетті

Sputnik © Ekaterina Schtukina, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2020 16:53 Sputnik © Ekaterina Schtukina
Алайда Путиннің Медведевті әзірге жібере қоятын түрі жоқ.

Ресейде Путин мемлекеттік орган басшыларының қос елдің азаматтығымен жүруіне тыйым салған соң, үкімет: "Ресейден аларымызды алдық, енді өз жөнімізбен кетейік" деп шешті. Сөйтіп толық құрамымен отставкаға кетті, деп пайымдайды желіде сарапшы Ибраш Нүсіпбаев.

Бір қызығы, отставка туралы арызын бірінші болып премьер Медведев жазды.

– Бұл түсінікті. Өйткені олардың ұрланған миллиардтары, виллалары, балалары мен әйелдері, тоқал-ашыналарына дейін шетелде ғой. Ресей олар үшін ақша табатын жер ғана. Сайып келгенде, үкіметтегілер Ресей мен оның халқына қызмет етуді емес, миллиардтаған ақшасын таңдады, – дейді ол.

Алайда Путиннің Медведевті әзірге жібере қоятын түрі жоқ.

– Өйткені Дмитрий Медведев тым көп құпияны біледі. Шетелге барып алып, небір құпияны жария етіп жіберуі де ғажап емес. Жұрт Путин Медведевті күшпен алып қалды деп ойлап қалмау үшін оған Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары деген жаңа лауазым ойлап тапты. Енді Медведевті маңызды істерге жолата қоймас, шетелге де шығармас. Әрине, қалжың ғой мұның бәрі, алайда оның ішінде шындықтың да үлесі бар, - деп аяқтайды ол жазбасын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: