Жаңалықтар тізбегі
0

Абайдың мерейтойын тойлауға 3 млрд теңге жұмсалады

e-history.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2020 20:31 e-history.kz
Абайдың мерейтойы құрметіне елімізде және бүкіл әлемде 80-нен аса шара өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға қанша қаржы жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Вице-министр Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, мерейтой шараларына өткізуге қосымша қаржы қарастырылған. Алайда ол шаралардың басым бөлігі министрліктің жыл сайынғы бюджеті аясында атқарылады. Ал өнер ұжымдары өз жоспарын Абайдың мерейтойына қарай ыңғайластырады.

"Негізі, барлығы жылдық жоспар аясында өтеді. Осылайша, Абай бабамыздың 175 жылдығына арналған барлық шараларға 3 миллиардқа тарта ақша жұмсалады. Ол – жоспарлы қаражат. Мысалы, Абай атындағы опера театрының гастрольдік сапарларына бөлінетін қаржы болады. Олар сол қаржыны Абайдың мерейтойына арнап, Мәскеу, Түркия мен Қытайға барады. Басқа өнер ұжымдары да солай істеп отыр", - деді Дәуешов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бюджеттің ішінде Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған үш деректі фильмнің қаражаты да бар. Бұдан бөлек, Парижде ЮНЕСКО аясында бірқатар шара ұйымдастырылады.

Жалпы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау жоспары 82 шарадан тұрады. Соның ішінде ірі халықаралық жəне республикалық қоғамдық маңызды ғылыми-ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары, поэтикалық жəне əдеби конкурстар, баспасөз турлары жəне өзге де іс-шаралар бар.

Сонымен қатар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана əкімдіктері мерейтойды атап өтудің өңірлік жоспарларын əзірледі. Абайдың 175 жылдығының ресми салтанатты ашылу рəсімі 2020 жылы 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: