Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Жоғарғы Соты Аппараты басшысының орынбасары жаңадан тағайындалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2020 22:32 zakon.kz
Осы жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болды.

Нұрсұлтан Байтілесов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қарулы Күштерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы Сот төрағасының бұйрығымен Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұрсұлтан Байтілесов Президенттік жас кадрлар резерві құрамында болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2020 22:32

Нұрсұлтан Төлен­ұлы Байтілесов 1991-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. 2009-жылы Астана қаласындағы Қаз­ГЗУ-дің колледжін "Құқықтану" мамандығы бо­йынша, 2016-жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін "Заңтану" мамандығы бойынша аяқтаған. 2016-жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық уни­вер­ситетінде заңтану мамандығы бойынша терең­детілген білім алып, заң ғылымдарының ма­гистрі дәрежесін иеленген.

2009-жылдан бастап Астана қаласының Алматы аудандық сотының жетекші маманы, кейін Атырау және Павлодар облыстық соттарында, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде, Әскери Сотта жауапты қызметтер атқарған.

2016-2018 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету депар­таментінің халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Осы жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: