Жаңалықтар тізбегі
0

Түркімен билігі елдегі халық санын 2 есеге көбейтіп көрсете салды

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2020 23:02 Reuters
Түркіменстан билігі халық санына қатысты жаңа мәлімет жариялады.

Түркіменстан билігі 2020 жылы желтоқсанда өтетін халықаралық конференцияға арналған сайтта халық санын 6,2 миллион адам деп көрсетті. Билік халық санына қатысты мәліметті 1995 жылдан бері алғаш рет жариялап отыр.

Дегенмен мұндай мәлімет Мемлекеттік статистика жөніндегі комитет сайтында да жоқ, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

2012 жылы өткізілген халық санағының мәліметтері сол күйі жарияланбады. Келесі халық санағы 2022 жылы өтеді. Көбі халық санын 1995 жылғы санақтан алады. Сол кезде Түркіменстанда 4 миллион 481 мың адам болған. 1991 жылы Түркіменстан халқы 3,7 миллион екені анықталған.

Өткен жылдың басында Азаттық радиосы түркімен қызметінің Түркіменстан үкіметіндегі дереккөзі соңғы он жылда елден 1 миллион 879 мың адам көшіп кеткенін айтты. Мұндай мәлімет президент Гурбангұлы Бердымұхамедовке ұнамаған.

Үкіметтегі дереккөз мәліметі бойынша, 2019 жылы халық саны 3,3 миллион адамнан аспаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: