Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ұрылар Мәжіліс депутатын тонап кетті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2020 15:04 Pixabay
Бұл туралы Смирнованың өзі Facebook-те жазды.

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі Ирина Смирнова Алматыға келіп, автокөлігімен жүрген кезінде көшедегі ұсақ ұрылардан қорлық көріпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Смирнованың өзі Facebook-те жазды.

Оның сөзінше, үш апта бұрын ұрылар көлігінің терезесін шағып, ішіндегі сөмкесін сып еткізген.

Қайта депутаттың сөмкесінде құнды дүниелер болмаған екен.

- Құжаттарым өзіммен бірген жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияға шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Бірақ жанымда болғандар полиция шақыру керек деген кеңес берді. Полицейлер тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңгіретіп тастады: "Несіне переживать етесіз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Неғыл дейсіз енді?", деп қарап тұрды, - деп жазды Ирина Смирнова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: