Жаңалықтар тізбегі
0

ЕАЭО көліктеріне "18" деген сары мемлекеттік нөмір беріледі

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2020 23:01 otyrar.kz
Сонымен қатар, тіркеу туралы куәлікте жарамдылық мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін деп көрсетіледі.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, оның ішінде Армения мен Қырғызстаннан келіп алған көліктер үшін жеке мемлекеттік нөмір қолданылатын болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Брифингте Қожаев мұндай машиналардың иелеріне не істеу керектігі туралы әрекеттер алгоритмін айтты. Оның айтуынша, тіркеу үшін арнайы ХҚО-ға бірқатар құжаттар ұсыну қажет. Бұл жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірі, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ алғашқы тіркеу үшін төлем және мемлекеттік нөмір үшін төленген ақшаның түбіртегі.

- Қойылатын талаптар қарапайым, азаматтарға бұл машиналарды заңдастыруға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ утилизациялық төлем мен кедендік баж салығын төлеуге бір жыл мерзім беріледі. Ол автокөліктерге арнайы сериялы нөмірлер беріліп, тіркеу куәлігіне осы көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі қойылады, - деді ол.

Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары жаңа нөмірдің үлгісін көрсетті.

- Ішкі істер министрлігі үлгі ретінде сары фондағы нөмір шығарды. Бұл нөмір осы автокөліктерге беріледі. Сонымен қатар, тіркеу туралы куәлікте жарамдылық мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін деп көрсетіледі, - деп түсіндірді вице-министр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2020 23:01

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: