Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар және әлеуметтік желілер: шектеу енгізу қажет пе?

alam.ps, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 22:01 alam.ps
Қазіргі өскелең ұрпақты "желіге тәуелді ұрпақ" деп жиі айтады.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің маманы Шынар Абдрахманова: Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер онлайн байланыста көп болмайды, бірақ әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады.

Қазіргі өскелең ұрпақты "желіге тәуелді ұрпақ" деп жиі айтады. Көптеген балалар интернет пен әлеуметтік желілерге қол жеткізе алады және оларды ойын үшін, достарымен, отбасымен және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін, оқуға, ақпарат іздеу үшін, ойын-сауық үшін пайдаланады.

Интернет пен әлеуметтік желілер жас ұрпаққа дұрыс әсер етуі де, кері әсер етуі де мүмкін. Электрондық коммуникация құралдарын (бұдан әрі - ЭКҚ) пайдаланудың тиімді жағы қарым-қатынас жасап, қолдауды түйсінуі мүмкін, достықты сезініп, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастырып, хабардарлықты арттыруы мүмкін және басқа да аспектілердің болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерді артық пайдалану ұйқысыздыққа әкеліп, мазасыздандырады, агрессивті мінез-құлық пайда болып, басқа да проблемалардың пайда болу мүмкіндігін тудырады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің түрлі медиа желілерге кіруі кибербуллинг деп аталатын интернет арқылы ізіне түсу/қорқыту қаупін арттырады.

Бұл сала жеткіліксіз зерттелгендіктен, ҚДСҰО ғалымдары жастар өміріндегі ЭКҚ рөлін түсінуге тырысады.

ҚР барлық өңірлерінде ҚДСҰО 11-15 жас аралығындағы қазақстандық оқушылар арасында жүргізген "Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы" (Health behavior in school aged children, HBSC) деген сауалнамада онлайн желілерді пайдалану қарқындылығы, әлеуметтік желілерді "проблемалы" пайдалану белгілері және онлайн байланыстың басымдылығы зерттелді.

11-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 30%-ы достарымен, отбасымен, таныстарымен және Интернет арқылы таныс болған адамдармен қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады. Әлеуметтік желілерді жиі пайдаланушылар саны 15 жасқа қарай ұлғаюда, 11 жастағылар арасында 24% -дан 15 жастағылар арасында 37% -ға дейін артып отыр.

Алайда балалар арасында әлеуметтік желілерді "проблемалы" пайдаланушылар аз, бар болғаны - 7%.

Әлеуметтік медиа құралдарын қолдануды ғана белгілеген; әлеуметтік желілерге аз уақыт бөлінгеніне наразы болған; басқа істермен (спортпен, хоббиімен) айналасудан гөрі әлеуметтік медиа құралдарын таңдаған; медиа құралдарын қолдануға байланысты басқалармен үнемі дауласатын адам әлеуметтік желілерді проблемалы пайдаланушы деп есептелді.

Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде жоғары емес, дегенмен оның артуы күтілуде және шаралар қолданып, қадағалау қажет.

Балалардың үштен бірінде (33%) өздерінің құпиялары, ішкі сезімдері, өздерін толғандырып жүрген нәрселер туралы бетпе-бет кездесіп айтқаннан гөрі, Интернет арқылы айтқан жеңілірек. Олар өздерінің ішкі сезімдерін, күйзелістерін білдіру үшін бетпе-бет әңгімелесуден гөрі, өзара онлайн араласуды/әңгімелесуді дұрыс көреді.

Мұның себептері неде? Зерттеушілердің пікірі бойынша, әлеуметтік құзыреттілігі төмен және адамдармен тіл табыса білмеу, үрейлену, ұяңдық, жалғыздық кейбір Интернет пайдаланушыларының Интернет кеңістігінде кездестірген достарымен онлайн әңгімелесуге итермелейді.

Онлайн әңгімелесу жасөспірімдер үшін Интернет белгісіз немесе аз білетін адамдармен әңгімелесу мақсатында қолданылмаған кезде емес, негізінен бірін-бірі бұрыннан білетін достармен қолданылған кезде пайдалы болады.

Әлеуметтік медиа құралдарының және Интернет әсеріне қатысты факторларды ары қарай зерттеу талап етіледі, өйткені "онлайн белсенділік" жасөспірімдердің өміріне және денсаулығына тығыз байланысты.

Осыған байланысты, денсаулық сақтау саласының мамандарын, мұғалімдерді, жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын әлеуметтік желілерді қауіпсіз қолдануға үйреткен дұрыс, оларға әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолдануды қалай реттеу керек екендігі туралы ақпарат беру және балаларға өздерінің құрдастарымен позитивті және жауапты өзара онлайн әңгімелесуге үйрету қажет және Интернетті ақпараттандырылған және "дені сау" пайдаланушы болуларына көмектесу керек. Сондай-ақ олардың коммуникативтік қабілетін дамытып, жеке байланысын және достығын қолдаған жөн.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 22:01

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 22:01

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: