Жаңалықтар тізбегі
0

Түрік депутаттары быт-шыт болып төбелесті

euronews.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2020 20:48 euronews.com
Заң шығарушылар бір-бірін еденге құлатып, бір-біріне орындық лақтырды.

Түркия парламентінде Сирияның Идлиб провинциясындағы оқиғаларды талқылау кезінде депутаттар жаппай төбелесті, деп хабарлайды zakon.kz "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.

Жанжал оппозициялық фракциялардың бірінің басшысы ел президенті Реджеп Тайып Ердоған туралы жағымсыз пікір айтқаннан кейін басталды.

Төбелеске ондаған депутат қатысты. Мемлекет басшысының жақтаушылары шымбайына Ердоғанның халықаралық аренадағы, ең алдымен Сириядағы саясатына қатысты айтылған сын батып кетсе керек.

Заң шығарушылар бір-бірін еденге құлатып, бір-біріне орындық лақтырды.

Идлибтегі жағдайдың 27 ақпанда күрт нашарлап, содырлар кең көлемде шабуыл жасады. Кейін Анкара мәлімдегендей, Сирия әскери күштерінің террористерге жасаған соққы кезінде 36 түрік сарбазы қаза тапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: