Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда заңсыз таксистерге рейд жүргізілді

AFP 2019 / JOSEPH EID, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2020 16:12 AFP 2019 / JOSEPH EID
Екі сағаттың ішінде 27 тасисит ұсталып қалды.

Жергілікті рейдтік іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері автовокзалдар мен оларға іргелес жатқан көлік жүретін бөліктердің аумақтарында тәртіп орнатуда. Заңнама нормаларын, қолданыстағы жол қозғалысы ережелерін және жеке тасымалдау ережелерін бұзумен айналысқан жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Вокзал маңындағы аумақты таңдауымыздың себебі жергілікті тұрғындардан түскен тұрақты шағымдар болды. Олардың айтуынша, қалааралық таксистер ЖҚЕ-ні жиі елемей, жол-көлік оқиғасына әкіліп соғатын жаңдайлар тудырады", - деп хабарлайды Талдықорған қалалық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Самат Есболов.

Екі сағат ішінде белгіленбеген орындарда аялдаған және тұрған, сондай- ақ тиісті құжаттарсыз жолаушыларды тасымалдаумен шұғылданған 27 жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

"Бүгінгі аталмыш жұмыстар "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, вокзал маңындағы аумақтарда көше-жол желісі мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары тексерілуде. Жолдарды күтіп ұстаудың барлық анықталған ескертулері бойынша , сондай-ақ жол белгілері мен жол таңбалары бойынша уәкілетті органдарға нұсқама жіберілді. Мұндай рейдтер жүйелі түрде жүргізілетін болады деп сендіремін", - деп толықтырды подполковник Есболов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: