Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Путиннің тірлігіне наразы 100 мың адам Еуропа Кеңесіне жүгінді

Ресей қалаларында дүркін-дүркін наразылық акциялары өтті. Полиция оған қатысқандарды аяусыз ұстап жатыр.

Сурет : pikabu.ru20 Наурыз 2020, 13:03

Жүз мыңнан астам адам Еуропа Кеңесіне хат жазып, Ресей Конституциясына енгізілген өзгертулерге заң тұрғысында баға беруін сұрады, деп жазады centralasian.org.

Бастапқыда петицияға Ресейдің 120 заңгері, құқық қорғаушысы, сарапшы маманы және демократиялық оппозиция өкілі қол қойған.

Конституцияның өзгеруі "онсыз да күшті билікті одан сайын күшейтті", "демократиялық Еуропадан елді алшақтай түсті" делінген құжатта. Петиция авторлары құжатқа өзгеріс енгізу жолы да заңға сай емес деп есептейді.

Конституцияға өзгеріс енгізу туралы бастаманы биыл қаңтар айында Владимир Путин көтерген.

Заң жобасы Мемлекеттік Думада қаралып жатқан уақытта құжатқа президенттік мерзімді жою туралы өзгеріс енгізілді. Мұндай заң ережесі Путинге билікті 2036 жылға дейін қалуға мүмкіндік береді.

Ресей қалаларында дүркін-дүркін наразылық акциялары өтті. Полиция оған қатысқандарды аяусыз ұстап жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер