Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы коронавирус науқастардың денсаулығы туралы мәлімет жарияланды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2020 18:48 pixabay.com
Бүгінге дейін Алматыда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелмеген.

7 сәуірде таңертеңгі жағдай бойынша Алматыда барлығы коронавирус инфекциясының 119 расталған жағдайы тіркелді. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта жұқпалы ауруханаларында Covid-19 дертінен 99 науқас емделіп жатыр, оның ішінде төртеуі - бала. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары және науқастардың күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін коронавирус инфекциясының үш жаңа жағдайы анықталды, олардың барлығы науқастармен байланыста болғандар.

Бұл - 1975 жылы туылған ер адам және 1962 және 1964 жылғы екі әйел. Ер адамда жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, тексеру кезінде одан пневмония анықталды, әйелдердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, ауру жеңіл формада жүріп жатыр. Олармен байланыста болғандардың барлығы карантинге алынды, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Бүгінге дейін Алматыда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелмеген. Қаламызда емделіп шыққан науқастардың жалпы саны - 21.

80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екі ересек адамның жағдайы - өте ауыр, төртеуі ауыр жағдайда, 13 ересек адамның денсаулығы орташа ауыр деп бағаланады, олардың арасында бір облыс тұрғыны бар, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: