Жаңалықтар тізбегі
0

Қарасайлық әскери міндеттілер алғашқы болып іске кірісті

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2020 23:21 polisia.kz
200-ден астам өтініш білдірген әскери міндеттілердің ішінен 78 азамат денсаулықтарының жарамдылығы мен отбасылық жағдайларына байланысты арнайы іріктеліп алынды.

"Елді сүйсең, ерлік істейсің" демекші, елбасына күн туған шақта әскери есептегі тұрған азаматтардың абыройлы міндеттері керек екені анық.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде "әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру" туралы Жарлық шығарған болатын. Осындай жауапты іске бел буған ерлердің арасынан Алматы облысы бойынша қарасайлық азаматтар алғашқылардың бірі болды. Бүгін олар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алдында сап түзеп, қалтқысыз қызметке сақадай сай екендіктерін, сондай-ақ, БІЗ БІРГЕМІЗ деп ұрандатып белсенділіктерін танытты.

200-ден астам өтініш білдірген әскери міндеттілердің ішінен 78 азамат денсаулықтарының жарамдылығы мен отбасылық жағдайларына байланысты арнайы іріктеліп алынды. Барлығы да өз еркімен келген айбынды азаматтар деуге әбден негіз бар.

Осылайша ел үмітін атқаратын ерлеріміз әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен тізім бойынша түгенделіп, Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тұрақтанды. Өйткені дәл осы орталық азаматтарымыз үшін арнайы казарма ретінде жабдықталған. Келе сала әрбірі құжаттарын өткізіп, әскери формаларын түгендеп, темірдей тәртіпке қайта оралды. Азаматтардың барлығы да аудан бойынша іріктеліп алғандықтан, бір ортаға топтастырылды. Енді олар алдағы күндері індет анықталған карантин аймақта жүргендіктен, басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін осы казармада аудан әкімінің шешіміне сәйкес ең аз дегенде 10 күн немесе 3 айға дейін мекен ететін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: