Жаңалықтар тізбегі
0

Вице-министр коронавирус маңайындағы әрекеттерге күдік келтірген алматылық дәрігерге жауап берді

Бауыржан Жуасбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 16:43 Бауыржан Жуасбаев
Мен барлықтарыңызға шыдамдылық тілеймін, КВИ-дің беті қайтып, науқастар саны азая бастағанда карантин де ақырындап алына бастайды - вице-министр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева алматылық дәрігер Ирина Акижанованың қатаң карантиндік шаралардың қажеттігіне күмән келтіріп, "болып жатқан барлық нәрсені фарс" деп атаған видеодағы сөзіне қатысты түсініктеме берді. Сонымен қатар видеодағы адам дәрігерлердің басқа ауру түрінен қайтыс болған науқастарға коронавирус диагнозын қоюға мәжбүр екенін айтқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті Ирина Владимировна! Сіздің пікіріңіз Интернетте кеңінен тарап, көпке жетті! Біздің барлығымызды және сізді де коронавирустың жаңа инфекциясынан (КВИ) құтқаруға тікелей ат салысып жатқандардың сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге мұршасы да жоқ. Сондықтан маған мұны істеуге рұқсат етіңіз, - деп жазды вице-министр.

Бүгіндері екі аптаға карантинге жатқызылған Акимжанованың жазбасындағы әрбір пунктке тоқталып өтелік.

1) COVID-19 иммундық плазмасына донор болуға дайын екеніңіз туралы:
Аталған технология ауыр науқастарда қолдану үшін КВИ (2020 ж. 15 сәуірдегі 6-нұсқасы) бойынша қазақстандық клиникалық хаттамаға енгізілген және енгізілген. Бірақ КВИ ауруын жұқтырғанмен, оны ағзасы жеңген, онда да аяғы ауыр кезде анамнезге шалдықпаған, сол секілді тиісті талап етілетін критерийлерге жауап бере алатын 18 жастан асқан адамдар ғана донор бола алады. Егер сіз осы критерийлердің барлығына сәйкес келсеңіз, онда кез-келген аймақтағы қан орталығына қан өткізе аласыз. Алматыда Өтепова көшесінде Республикалық қан орталығы бар, сонда барсаңыз болады

2) өлім нәтижелері туралы:
КВИ анықталған әрбір жағдай, тірі болсын немесе қайтыс болған болсын, барлық жағдайда ол тіркеуге жатады. Бұл жағдайда КВИ немесе сонымен қатар асқынған науқас бойындағы созылмалы дерттері өлімнің себебі болуы мүмкін.
Мысалы, науқас ұйқы безінің некрозынан немесе инсульттан қайтыс болды делік, одан кейін одан КВИ анықталады, бірақ инфекцияның белгілері көрінбейді. Міне, мұндай жағдайда КВИ кісі өлімнің тікелей себебі бола алмайды.
Kісі өлімі нәтижелерін зерттеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды, онда мамандар өлімнің тікелей себебін анықтау үшін себеп-салдар бойынша байланысты
Бүгінгі таңда КВИ-ден қайтыс болудың 21 жағдайы тіркелген.

3) Карантин мен оқшаулау жайына келсек.

Банкке, супермаркетке барудың қажеті жоқ - бұл инфекция қаупі бар адамдар көп жиналатын орындар.

14 күн үйде болу қиын екенін түсінемін. Бірақ бұл ретте бізде жұмыс істейтін психологиялық қолдау бойынша шұғыл желі бар (төмендегі сілтеме).

4) фарс туралы:

Бұрынғы бір кездесуімізде сіз мобильділік қабілеті бұзылған балаларға қалай көмектесуге болатындығын айтқан кезде әріптестерім және мен сізге ортопедия саласының маманы деп сеніп ол араға келген едік. Ол видеода плевралық пункция жасаймын деп айтасыз, сіз қандай да бір жолмен заңды белден басып тұрғаныңызға сене алмадық, өйткені бұл басқа профильдегі маманның қолданатын технологиясы ғой. Сізде қажетті арнайы маман сертификаты бар деп үміттенемін.

Бірақ сіз ондаған мың әріптестеріңіздің жұмысын жоққа шығарып тұрсыз ғой, әрине өкінішті ...

Дәл қазіргі уақытта ел-жұрт КВИ-мен күресіп жатқан дәрігерлердің әрбір жеңісіне қуанып, ризашылығын білдіруде:

- жасанды тыныс алу аппаратынан алынған әрбір науқас үшін (бүгінде 7 науқас);

- жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғандардың барлығы үшін (38 науқас);

- КВИ-ден емделіп, жазылғандардың әрқайсысы үшін (551 адам).

Бірақ сонымен бірге, бүгіндері 1695 науқас емін жалғастыруда, олардың 848-і әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі клиникалық жағдайға ие (оның ішінде 137-сінің дене қызуы, 149 науқаста пневмония бар); орташа ауырлық деңгейіндегілер - 290 науқас; 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның ішінде ауырлық дәрежесі - 23, хәлі өте нашары - жетеу.

Реанимациядағы науқастар:

• оттегіге қосылғандар - 7;

• маскалық (инвазивті емес) тыныс алу аппаратына қосылғандар - 7;

• тыныс алу аппаратында - 16 науқас.

Сонымен бірге Ләззат Ақтаева әріптесін сабырлылыққа және карантин жағдайында ұстамды болуға шақырды.

14 күндік оқшаулау - бұл инкубация кезеңі (аурудың көрініс табуы тиіс кезеңі), оған төтеп бере алуыңыз керек және Сізге және жақындарыңызға КВИ-дің жұғуына жол бермеңіз. Мен барлықтарыңызға шыдамдылық тілеймін, КВИ-дің беті қайтып, науқастар саны азая бастағанда карантин де ақырындап алына бастайды. Барлықтарыңызға жақсылық пен денсаулық тілеймін! - деп сөзін қорытындылайды вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: