Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда газ қоймасы өртеніп, баллондар атылды

Алматы ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2020 21:48 Алматы ТЖД
Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау ауыздықталып, көрші тұрған үйлер өрттен аман қалды.

Жетісу ауданындағы Ратушный көшесі, 78 "б" мекен жайында газ баллондар қоймасы өртеніп, өрт көрші тұрған үйлер мен басқа цистернаға ұласа жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдай күштері мен өрт сөндіру көлігі өте жоғары қауіптегі өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өйткені газ қоймасы өртеніп, газ баллондар қабырғаны тесіп, атқылған, деп хабарлайды Алматы ТЖД.

Жалпы ауданы 150 шаршы метр қоймада газ баллондардың бірнешеуі жарылып, атылған.

Сұйылтылған газы бар 100 шақты баллонның жарылуы және өрттің тұрғын үй секторындағы көрші ғимараттарға ұласу қаупі болды.

Өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта жеке секторға төнген ешқандай қауіп жоқ.

Өрт сөндірушілер өрттен шыққан баллондарды салқындатып, босатып, ішіндегі сұйықтықты төгіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: