Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Дәурен Абаев жаңа лауазымына қатысты пікір білдірді

Бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін.

Сурет : kazpravda.kz4 Мамыр 2020, 14:58

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Дәурен Абаев жаңа лауазымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Facebook-тегі парақшасына ол: "Бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін", деп жазды.

"Құрметті достар! Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін Сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет. Сондай-ақ, Министрліктің және Министрлікке қарасты ұйымдардағы сарапшыдан бастап басшылық құрамына дейін әрбір қызметкеріне ерекше құрмет білдіріп, алғыс айтамын. Ал бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін. Тапсырылған қызметті абыроймен атқарып, қажыр-қайрат пен білім-білігімізді Отанымыздың игілігіне арнаймыз" делінген экс-министр жазбасында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер