Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін шілдеге дейін ауыстыру қажет

Мерзімі өткен құжаттарды ешқандай әкімшілік жауапкершіліксіз ауыстыруға 10 шілдеге дейін мүмкіндік берілді.

Сурет : kazlenta.kz18 Мамыр 2020, 11:40

Алматы облысының тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, жүргізушілер карантин кезінде мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін 2020 жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты жарияланған карантин уақытында мерзімі өткен құжаттарды ешқандай әкімшілік жауапкершіліксіз ауыстыруға 10 шілдеге дейін мүмкіндік берілді. Осы мерзімге дейін азаматтар жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжаттарын, өздеріне тиесілі қарулардың рұқсаттамаларын еш айыппұлсыз жаңарта алады", - деп хабарлады Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.

Карантин кезінде де тәртіп сақшылары халыққа онлайн қызмет көрсетті. Облыс тұрғындарына жүргізуші куәліктерін жаңартуға, сондай-ақ көліктерін сату және сатып алуға тапсырыс беріп, мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз алуға барлық жағдай жасалды.

"Карантин уақытында Алматы облысы аумағында 753 тұрғын өздерінің бұрынғы жүргізуші куәліктерін жаңартуға онлайн тапсырыс беріп, оларға қашықтан қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, 247 тұлға темір тұлпарларын сату және сатып алу бойынша онлайн қызметке жүгінді", - деді полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер