Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Қадір түні 19 мамырға сәйкес келеді

ktk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2020 18:30 ktk.kz
Бұл күні барша мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақсы тілегін айтып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Дастархан жайып, Құран оқытады.

Биыл Рамазан айы 24 сәуір жұма күні басталады. Бұл жылғы ораза 30 күнге ұласады. Ай ортасында мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін күтіп, ораза соңында айт мересін тойлайды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл қасиетті Қадір түні 19 мамыр, бейсенбі күніне сәйкес келеді. Бұған дейін Қадір түні 21 мамыр күні деп жарияланған болатын. Алайда діни басқармасының соңғы ұйғарымы бойынша, 19 мамыр күні деп бекітілді.

"Ләйләтүл Қадір түні" - пайғамбарымыз Мұхамед Мұстафаға (с.ғ.с) алғашқы Құран сүрелері жіберілген уақыт. Әдетте ғалымдар Қадір түні Рамазан айының соңғы он күніне сәйкес келеді деп болжайды. Ал, Қадір түні ауа жылы, жауын-шашынсыз, тыныштық күйде өтетіні айтылған. Қадір түнінде мұсылман қауымы жамағат болып намаз оқиды, дұға етеді, Құран оқиды. Аллаға құлшылық жасайды. Қадір түніне қатысты Құранда көп айтылған. Бұл күні адамның бір жылғы тағдыры жазылып, кешірім тілесе, кешірім берілетіні, не тілесі дұғасы қабыл болатыны жазылған.

Осы себепті ниет еткен жандардың уақытын құлшылықпен өткізгені абзал. Ораза аяқталысымен мұсылмандардың мерекесі - Ораза айт басталады. Ораза айттың бірінші күні 24 мамырға сәйкес келеді. 23 мамыр - Арафа күні. Ораза айт 24, 25, 26 мамыр күндері тойланады. Бұл күні барша мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақсы тілегін айтып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Дастархан жайып, Құран оқытады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: