Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында мал ұрлауды кәсіп қылған 3 бригада ұсталды

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 22:55 Алматы ПД баспасөз қызметі
Облыстық полицейлер мал ұрлығының алдын алуға бағытталған арнайы шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Алматы облысында "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын алу және мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ осыған ұқсас қылмыстардың орын алуына жағдай жасайтын себептерді жою мақсатында Алматы облысы аумағында 18 мамырдан бастап "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында облыс аумағында мал ұрлығының 7 дерегі тіркеліп, олардың барлығы кезекші тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұған дейін жасалған мал ұрлығына қатысты 12 қылмысты әшкере қылды. Қолды болған 8 бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Мал ұрлығын кәсіп қылды деген күдікпен 20 күдікті тұлға ұсталып, 3 қылмыстық топтың жолы кесілді. Іс-шара барысында 24 ет және мал өнімдерін сату орындары тексерілді. 58 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексеріліп, малдың қауіпсізідгін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мал және ет өнімдерін тасымалдаушылардың 6 көлігі тексерілді.

Облыстық полицейлер мал ұрлығының алдын алуға бағытталған арнайы шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз жібермеуге, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ал мал қолды болған жағдайда шұғыл полицияға хабар беруге кеңес берді. Өйткені, уақыт өтіп кетсе, барымташыларды анықтау қиынға түсетіні анық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: