Жаңалықтар тізбегі
0

Рухани Тоқаевты Тегеранға шақырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 23:54 Ақорда
Хасан Рухани Иран тарапының Қазақстанмен тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар қазақ-иран қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Хасан Рухани Иран тарапының Қазақстанмен тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін атап өтіп, "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жолының, сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы өтетін мультимодальді дәліздердің әлеуетін тиімді пайдаланудың өзектілігіне тоқталды.

Осы орайда Иран тарапы жүк тасымалын ұлғайту мақсатында аталған көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлескен жұмыстардың маңызды екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты экономикалық байланыстарды жандандырудың нақты шараларын үкіметтер деңгейінде әзірлеуді ұсынды.

Мемлекеттердің COVID-19 індетіне қарсы күреске қатысты қабылдаған шараларына ерекше назар аударылды.

Иран Президенті індеттің таралуын болдырмау жөніндегі Қазақстан басшылығының қабылдаған шешімдері мен атқарған іс-қимылдарын, сондай-ақ, халық арасында кең ауқымда жүргізілген коронавирусты анықтау жұмыстарын жоғары бағалады.

Әңгіме соңында Хасан Рухани Қасым-Жомарт Тоқаевты Тегеранға ресми сапармен келуге шақырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: