Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бұрынғы әкім Талғат Разақов қайтыс болды

Өлімнің себебі – созылмалы жүрек ауруы.

Сурет : Диас Тойшибеков20 Мамыр 2020, 18:49

Алматыда Жетісу ауданының бұрынғы әкімі Разақов Талғат Көшенұлы қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Талғат Разақов мамырдың 14-інен 15-іне қараған түні 57 жасында өмірден озды.

Ол Алматыдағы үйінде болатын. Өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болған.

Марқұм 16 мамырда Кеңсай-2 зиратында жерленді.

Талғат Разақов 1963 жылы 29 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мерке ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірді (инженер-құрылысшы).

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Алматы сәулет-құрылыс институты (1981-1986); Құрылысшы инженер

Еңбек жолы:

- Жамбыл облысы, Мерке ауылындағы Жданов атындағы колхозда жұмысшы (1980-1981);

- Жамбыл облысы, Меркі ауданы, "Краснооктябрьский" кәсіпорнында технолог (08.20.1986 – 05.03.1987);

- Мерке ПМК-7 аға инженері (1987-1988);

- Мерке аудандық комсомол ұйымдары бөлімінің инструкторы, бөлімінің меңгерушісі (1988-1991);

- Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Жігер" Жөндеу учаскесінің бас инженері (1991-1995);

- Алматы қалалық жер қатынастары және жер құрылысы комитеті Совет аудандық комитетінің шаруашылық бөлімінің бас маманы (1995-1996);

- Алматы қаласы Совет ауданының Бірыңғай тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің бас инженері, бөлім директоры (1996-1998);

- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің бас маманы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы (1998-2002);

- "Алматы қаласы Медеу ауданының Экологиялық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қалалық мекемеде" экологиялық инспекция бөлімінің бастығы (2002-2003);

- "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ мемлекеттік сатып алу және сыртқы байланыстар департаменті бастығының орынбасары (2003-2005);

- Отын-энергетика бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары (2005-2007);

- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары (2007-2013);

- Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (03.03.2013-07.2017);

- Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бастығы (07.2017 ж. бастап).


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер