Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер белсенді мектеп оқушыларын құттықтады

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 17:39 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының Панфилов ауданында қоғамдық белсенді оқушылар полиция басшылығының алғыс хаттарына ие болды.

Коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты елімізде мектептердегі соңғы қоңырау салтанатты шарасын онлайн өткізу туралы шешім қабылданғаны баршаға аян. Осыған орай, Панфилов ауданының тәртіп сақшылары оқу жылында қоғамдық белсенділік танытып, полицейлердің жас көмекшісі ретінде мектептегі тәртіпті қамтамасыз етуге және патриоттық тәрбие беруге белсенді атсалысқан оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, полиция басшылығы атынан алғыс хаттарды табыстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін біз Пенжім орта мектебінің 7 сынып оқушысы Аймұқаш Алина Мақсатқызын оқу жылын үздік тәмамдауымен құттықтап, аудандық Полиция бөлімі бастығының алғыс хатын табыстадық. Алина – оқу озаты, республикалық "Білген ойсана" интелектуалды олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен үздік оқушы. Ол алғырлығымен, бастамашылдығымен көшбасшы екенін көрсетеді. Аудандық шараларда полицейлердің жас көмекшісі ретінде өзгелерге үлгі болып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда", - деді Панфилов АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

Полицейлер оқу жылында белсенділік танытқан өзге де оқушыларды құттықтауды жоспарлауда. Аудан көлемінде жарияланған карантинге байланысты алғыс хаттарды тәртіп сақшылары кейбір оқушылардың үйіне немесе олар білім алатын мектеп әкімшілігіне табыстау туралы шешім қабылданған.

"Алғыс хат белсенді оқушыларға қосымша ынта береді деп сенеміз. Баланың талабы қолдау табуы тиіс. Келесі жылы жас көмекшілер қатары артады деп ойлаймын", - деп толықтырды полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 17:39

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: