Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Корея Республикасының елшісі ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды

Ол - 2019 жылғы сәуірде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған "Самал жел" жаңа экономикалық бағдарламасы бастамашыларының бірі.

Сурет : ҚР СІМ22 Мамыр 2020, 13:28

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының елшісі Ким Дэ Сикті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кездесу барысында Министр корей дипломатына Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы" мемлекеттік наградасын табыс етті", деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

М. Тілеуберді Ким Дэ Сикке Елші ретінде атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық қызметінде сәттілік тіледі.

Ким Дэ Сик Елші лауазымына 2017 жылғы сәуірде тағайындалды. Ол - 2019 жылғы сәуірде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған "Самал жел" жаңа экономикалық бағдарламасы бастамашыларының бірі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер