Жаңалықтар тізбегі
0

Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы тағайындалды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2020 22:54 Pixabay
Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында хабарланбақ.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығын тағайындады. Бұл туралы министрліктің телеграм каналына сілтеме жасап, "Хабар-24" хабарлады.

Ұлттық сыйлықтың басты мақсаты - ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу және талантты жас журналистерді тану, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына жәрдем беру.

Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі.

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ-сюжет;

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады. Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

"Жігер" сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз. Сондай-ақ салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында хабарланбақ.

Еске салсақ, 18 мамырда белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: