Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Талдықорғанда тәртіп сақшылары карантин кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтті

Полицейлер індеттің жаппай таралуының алдын алу үшін жеке санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және карантин ереженлерін бұзбауды сұрайды.

Сурет : Алматы облысының әкімдігі22 Мамыр 2020, 18:45

Талдықорған қаласында коронавирус індетін жұқтыру дерегі тіркелгеніне байланысты алдын алу шараларымен қатар, практикалық шаралар да күшейтілді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс орталығына кіреберістерде 4 санитарлық бекет қызмет етуде, қазіргі уақытта бекеттегі полицейлердің саны арттырылып, бекет жұмысына 40 қызметкер жұмылдырылған. Көліктердің белсенді қозғалысы "Алматы - Талдықорған", "Текелі - Талдықорған", "Үштөбе - Талдықорған" санитарлық бекеттерінде тіркелуде. Дегенмен, аталған бекеттерде көлік кептелісі жоқ екенін атап өту қажет", - деді Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Санитарлық бекеттерде тәртіп сақшылары облыс орталығына кіруге ниетті азаматтардың қалада тіркеуде екенін тексереді немесе қалаға кіруге берілген рұқсат құжаттарын қарайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы күшіне енген сәттен бастап, яғни 17 мамырдан бүгінге дейін 8207 автокөлік пен 18568 азамат тексерілген.

"Сондай-ақ, індет жұқтырған тұлғалар мен олар байланыста болғандардың, сонымен қатар провизорлық, карантиндік стационарлардың және үй карантиніне жатқызылған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайын тәулік бойы оқшаулау жүзеге асырылуда. Басты назар халық арасында карантиндік шараларды сақтау, оның ішінде қорғаныш бетпердені үнемі тағу туралы түсіндірме жұмыс жүргізуге аударылуда, бақтарда, гүлзарларда рейдтер жүргізіліп, тұрғындардың топталып жүрмеуін қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Күн сайын сауда орындарында да рейдтер жүргізіліп, Талдықорған қаласы бас санитарлық дәрігері қаулысының орындалуы тексерілуде", - деп толықтырды полковник Нұрсапа.

Полицейлер індеттің жаппай таралуының алдын алу үшін жеке санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және карантин ереженлерін бұзбауды сұрайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер