Тұрғымбаев блок-бекеттегі ойранға қатысты министрліктің позициясын жариялады

27 Мамыр 2020, 10:10
Сурет: polisia.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте екі полиция қызметкері қаза тапқан қайғылы оқиғаны талдап, қорытынды жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, апатқа жеке құраммен профилактикалық жұмыста жіберілген қателіктер және құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарымен көзге түскен қызметкерлерге қатысты уақтылы шаралар қабылданбаған. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында бұрмаланған ақпаратты ұсыну фактілері де бағаланды.

Алматы қаласы ПД бастығы, полиция генерал-майоры К.Д. Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.

"Әр басшы өз қол астындағылары үшін жауап береді. Қызметкерлер арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Алматы қаласының полиция басқармасында бұл жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылдық, бір қызметкер ауыр жарақат алды. Біздің барлығымыз үшін, әсіресе туыстары бен достары үшін бұл қайғылы оқиға және орны толмас шығын. Сондықтан осы төтенше жағдайды жасаған басшыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Ішкі істер министрлігінің басшылығы қызметтік тәртіпті сақтауды қатаң талап етуді, полиция қызметкерлерінің кез келген заң бұзушылықтарына принципиальды баға беруді және жаңа жағдайда жұмыс істегісі келмейтін немесе жұмыс істемейтіндердің қатарын тазартуды талап етеді", - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ қатаң сөгіс мына адамдарға қатысты да жарияланды:

- Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Н. Алмасбековке,

- Алматы қаласы полиция департаментінің бөлім бастығы, полиция подполковнигі С.К.Әзірбекке.

Бұдан бөлек, Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа байланысты полициядағы бірнеше басшы жұмыстан кетті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?