Қарағанды тұрғыны өз шешесін өлтірмек болған

27 Мамыр 2020, 17:55
Сурет: polisia.kz

25 мамырда Қарағанды қалалық ауруханасына 50 жастағы әйел пышақ жарақатымен келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz хабарлағандай, күдікті Қарағанды ​​қалалық ПБ Октябрь полиция бөлімінің тергеу тобы мен патрульдік полиция қызметкерлері ұстаған.

Зардап шеккен әйелдің көршілерінің айтуынша, оған 28 жастағы өз қызы тап берген. Оқыс оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 1-бөлімі, яғни "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?