Жаңалықтар тізбегі
0

Аягөзде мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған жастар ерекше сый жасады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2020 23:46 видеодан алынды
Олар жалғызбасты анаға пәтер сатып алып берді.

Аягөз қаласының 2010 жылғы түлектері Рамазан айында игі іс бастап, жалғызбасты анаға баспана алып берді, деп хабарлайды Altaynews.

Мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына байланысты Аягөз қаласының түлектері ерекше игі істі қолға алды. Олар қаладағы мүгедек бала асырап отырған жалғызбасты анаға қасиетті жұма күні үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

- Қазақтар – жетім-жесірін жылатпаған халық. Біз жүрегіміздің жылуын қарапайым халықтың мұқтаж отбасына сыйлауға дайынбыз. Осы игі іске ат салысқан барша азаматтарға Алланың разылығын тілейміз, - дейді аягөздік жастар.

Олардың жоспарында тағы бір жалғыз басты анаға пəтер сыйласақ деген ниеттері бар екен. Қазіргі таңда баспана алуға біраз қаражаттары жеткіліксіз болып тұрған көрінеді. Аягөз халқынан, атқа мінерлерінен игі іске өз үлестерін қосуға шақырады.

- Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сіз болып, біз болып тағы бір ананы Алла разылығы үшін қуанышқа бөлесек, - дейді жастар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: