Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың атына Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті

АР, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2020 23:18 АР
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, сәттілік пен игілік тілеген.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу мен қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолындағы еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін. Сонымен қатар COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларыңызға оң баға бергім келеді. Пандемияны тоқтату және COVID-19 індетінен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруде біздің бірлескен күш-жігеріміз маңызды болып қала бермек, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар АҚШ Президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізген.

– Сіздің саяси жаңаруға бағытталған реформалық, өршіл бағдарламаңыз ерекше мақтауға лайық. Халықтың Үкіметке деген сенімін арттыру, гүлденген және серпінді қоғамның негізгі іргетасы саналатын бостандықтарды қорғауды күшейту бойынша алға қойған мақсаттарыңызды Америка Құрама Штаттары қолдайды. Біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің аясында осы бастамаларды іске асыруда әрдайым Сізбен серіктес болуға дайынбыз, – деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, сәттілік пен игілік тілеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: