Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем бригадасының неге кешігіп келетіндігі түсіндірілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2020 17:12 zakon.kz
Брифингте шақырған жерге кешігіп бару фактісі бар екені, оның 5%-не дейін кешігіп баруға рұқсат етілген екен.

Дәрігерлердің кешігіп келуі фактілерін жоққа шығармаймыз, себебі бұл пандемияға байланысты қоңырау шалушылардың артуына байланысты, деп түсіндірді бұл жайтты Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев ОКК-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

- Келіп түсетін қоңыраулар саны 2-2,5 есеге өсті. Жасыратыным жоқ, шақырған жерге кешігіп бару фактісі бар: 5% дейін. Оған рұқсат етілген. Елорданың кез-келген тұрғыны жедел жәрдемнің тез арада келе қалғанын қалайтынын түсінемін, - деді Оразбаев.

Ол жедел жәрдем диспетчері деңгейінде келіп түсетін қоңыраулар бірнеше санатқа бөлінетінін және науқастың жағдайына қарамастан әрқайсысының өзіндік белгіленген уақыты мен шақырылған жерге бару кестесі бар екенін еске салды.

Жалпы, оның айтуынша, жедел жәрдем қызметіне келіп түсетін қоңыраулар саны 4 есеге өсті, осыған байланысты 103 желісі көбіне бос бола бермейді.

- Сондықтан біз 103 желі орталықтарын санын көбейттік, одан бөлек 70 51 03 байланыс орталығы құрылды. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтарға осы нөмірден жауап ала алады. Осылайша біз 103 желісіне келіп түсетін қоңырау санын азайта аламыз. Сонда 103-ке шығу әлдеқайда жеңіл болады, - деді Оразбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: