Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңіс парады алдында Тоқаев пен Путиннің не жайлы сөйлескені белгілі болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2020 20:30 видеодан алынды
Тоқаев Путиннің ІІ-дүниежүзілік соғыс туралы мақаласына өз көзқарасын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жақында жарияланған Ресей Федерациясы Президентінің Ұлы Отан соғысы туралы мақаласын талқылады. Осындай видео LIFE SHOT Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті әріптесін сәтті шыққан мақаласымен құттықтап, оның мағынасы терең екенін баса атап өтті.

- Қызықты және қажет материалдар. Өте жақсы оқылады, стилі де жақсы, - деді Тоқаев Путинге.

Ресей Президенті бұл мұрағат құжаттарының көмегімен жазылған мақала екенін атап өтті.

- Бірде мұрағаттан бір құжаттарды әкеліп беруді өтіндім. Оған басымен кіріп, беріліп кеттіппін. Ақыры осы мақаланы жазайын деп шештім, - деді Путин.


Путиннің "The Real Lessons of the 75th Anniversary of World War II" (75 жылдығы қарсаңындағы ІІ-дүниежүзілік соғыстың сабақтары фактілермен) атты мақаласы "National Interest" америкалық журналында жарық көрді.

Саясаткер бұл материалды дайындауға мәжбүр болғанын, өйткені қазіргі саясаткерлер өткен және болашақ ұрпақ үшін осы қорқынышты қайғылы жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға жауапты екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: