Жаңалықтар тізбегі
0

Журналистерге арналған NUR SUNQAR-2020 байқауының жеңімпаздары анықталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2020 23:59 видеодан алынды
Биыл байқауға жалпы 135 өтінім және 355 материал өткізілді.

"Nur Otan" Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – кәсіби мерекесінің қарсаңында дәстүрлі түрде "NUR SUNQAR" республикалық конкурсын осымен 11-ші рет өткізіп отыр. Кәсіби мереке - БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында 2020 жылғы 26 маусымда осы байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл байқауға жалпы 135 өтінім және 355 материал өткізілді.

"Бүгінде бұл сыйлық журналистер қауымы арасында беделді де танымал марапатқа айналды. "NUR SUNQAR" – медиа-қоғамдастық қызметкерлерінің елде жүріп жатқан реформаларды қолдау, қоғамдық маңызы бар жобалардың табысты атқарылуы және халықтың кері байланысын қамтамасыз ету бойынша сіңірген еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісі.Конкурстық комиссия биыл бірнеше жаңа номинация белгілеп отыр. "Алғы шеп" – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін", "Біз біргеміз" – волонтерлік жұмыс туралы үздік жарияланым", "Партияның "қайта жандануы" бойынша үздік материал" номинациялары бар онда, деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында.

Пандемияға байланысты қалыптасып отырған қазіргі жағдайға байланысты партиялық сыйлықты салтанатты түрде тапсыру рәсімінен бас тартылды.

NUR SUNQAR-2020 байқауы сыйлығының иегерлері тізімі:

1) Саламат Омаш, "Qazaqstan" РТРК - "Телевизия үздігі" номинациясы бойынша үздік телевизиялық журналист.
2) Айгүл Аханбайқызы, "Егемен Қазақстан" газеті - "Ұшқыр қалам" номинациясы бойынша газеттің үздік журналисі.
3) Әбдіреева Ләззат Төлегенқызы, NS радиосы - "Үнжария" номинациясы бойынша үздік радиожурналист.

4) Ахметов Альберт Рашитұлы, "Zakon.kz" -"QazNet үздігі" аталымы бойынша интернет-басылымның үздік журналисті.
5) Нұрислам Мәуленұлы Ғұмар, "Qazaqstan" РТРК-ның Атырау облыстық филиалы - "Партияны қайта жаңғыртып, іске қосу" туралы үздік материалы номинациясы бойынша.

6) Серік Малеев, "Алтын Орда" интернет-газеті - "Елбасы салған сара жол" номинациясы бойынша Елбасының қызметін насихаттауда үздік табылды.

7) Айдос Жұқанұлы, "Qazaqstan" РТРК" - "Блогосфера үздігі" номинациясы бойынша әлеуметтік желілердегі ең үздік жарияланым.

8) Әлімжанова Ирина Советжанқызы, 31-арна - "Алғы шеп" номинациясы бойынша төтенше жағдайларды насихаттаудағы ерен еңбегі үшін.

9) Тұрсынғазина Әсел Тұрсынғазықызы, Хабар телеарнасы - "Біз біргеміз" номинациясы бойынша волонтерлар жұмысын жақсылап насихаттағаны үшін үздік деп табылды.

"Партиямыздың Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым журналистердің шығармашылығы еліміз бен халқымыздың игілігіне бағытталған ізгі істерге ұйытқы болуын қалады. Сондықтан да конкурстық комиссия ел дамуының өзекті мәселелерін жарыққа шығаруға елеулі үлес қосқан үздік сөз зергерлерін іріктеп алды", - деді Бауыржан Байбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: