Жаңалықтар тізбегі
0

Не істерін білмеген жедел жәрдем қызметкері желіде жазба жариялады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2020 16:13 Pixabay
БҚО-да 28 маусымда облыстық жедел жәрдем станциясының 17 қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станциясы қызметкерлері арасында ауру жұқтыру дерегі өте жоғары деген мәліметке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.

Instagram-дағы zhaloba_uralsk_ парақшасында жарияланған жазба авторының айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлерінің көпшілігінде дене қызуы бар, бірақ оларды ешкім жұмыстан босатпайды.

- Мен жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеймін, қызметкерлердің тең жартысы ауырып жүр, бізден тест қабылдауды да тоқтатты, дегенмен ауырғандар арамызда көбейіп келеді. Өйткені дене қызуымыз болып тұрса да жұмысқа барамыз, бір-бірімізге ауру жұқтырамыз. Бізді үйде күтіп отырған отбасымыз бар. Емделу үшін жұмыстан босатпайды. Тест нәтижесі туралы сұраймыз, ешкім жауап бермейді, ал былай қарасаңыз біз науқаспен тікелей байланыстағы тұлғамыз ғой, деп жазады автор.

Бұл жазба көпшіліктің ашуын туғызған. "Көмектеседі деп шақырған жәдел жәрдемнің өзі ауру жұқтырады ма сонда" деп жазды желідегілер.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы 28 маусымда облыстық жедел жәрдем станциясының 17 қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлады.

- 11 науқас - медицина қызметкерлері, үшеуі емделіп, жазылды, ал сегізі емделу үшін жұмыстан босатылды. Алты науқас - басқа персоналға жатады, олардың төртеуі ауруынан сауықты, екеуі - ауруына байланысты еңбек демалысын алды. Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауысымды өткізу кезінде жұмысшылар үнемі тексеруден өткізіліп тұрады. Дене қызуы көтерілген жағдайда жедел жәрдем қызметкері ауысымға шықпайды, оны басқасымен алмастырады. Ал ауырып қалған қызметкер тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеудегі медициналық мекеменің бақылауына алынады, ПТР бойынша анализ тапсырады. Жедел жәрдемнің барлық қызметкері жеке қорғаныс құралдарымен (костюмдер, медициналық маскалар, қолғаптар) жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген, деп хабарлады басқармадағыдар.

Жедел жәрдем қызметінің басшылығы қызметкерлеріне жұмыс уақытында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажеттілігі туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: