Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мамин Үкіметке "Цифрлық білім" ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне "цифрлық портфельдің" талаптарына сәйкес заманауи компьютерлік жабдықтар мен роботты техника кабинеттерін, мектептерге арналған STEM қосымша сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сурет : primeminister.kz30 Маусым 2020, 11:02

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің ресми сайтының хабарлауынша, бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов баяндады.

2019 жылы Адами даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінде 50-орынды иеленді. ҚР-да 1826 роботты техника кабинеті, 447 STEAM зертхана, 1746 АT-сыныбы, 21 АT-орталық жұмыс істейді.

Қазақстан халқының цифрлық сауаттылық деңгейі 82,1%-ға жетті. Оқу орындарында жыл сайын 50 мыңнан астам АT маманы шығарылады және АТ мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артуда. Өңірлерде АТ бойынша 16 құзыреттілік орталығы құрылды.

Қазақстанда азаматтардың базалық АТ-құзыреттілігін дамытуды, АТ-кадрларды мақсатты даярлауды және басқа салалардың қызметкерлерін пәнаралық АТ-даярлауды көздейтін халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша "Цифрлық білім" ауқымды жобасы іске асырылады. Аталған жоба аясында жыл сайын 400 мыңнан астам адамды оқыту жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы технологиялық жаңғырту, цифрлық платформалардың мүмкіндіктері, жасанды зерде, өндірісті автоматтандыру кадрлар даярлауды өзгертуді және адами капиталды дамытуды талап ететінін атап өтті. АT біліктілігі бар мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген азаматтардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу және олардың цифрлық сауаттылығын арттыру да маңызды.

"Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда жұмыс жасап, электрондық қызметтерді ала білуі қажет", — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, "Цифрлық білім" ауқымды жобасының іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар цифрлық дағдыларға оқыту, АT мамандарын даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламаларды әзірлеу, алдыңғы қатарлы оқу орындарының тәжірибесін өңірлік университеттер мен колледжерде тарату, "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеріп, жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмысын жандандыру қажет екені аталып өтті.

Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар кешенін жаңарту, байланыс операторларымен бірлесіп, отандық білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізу мәселесін пысықтау тапсырылды.

"2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 87%-ға дейін жеткізу керек және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу қажет", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне "цифрлық портфельдің" талаптарына сәйкес заманауи компьютерлік жабдықтар мен роботты техника кабинеттерін, мектептерге арналған STEM қосымша сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер