Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде шығатын басылымдар елде еш шектеусіз таралуда

facebook.com / DumanTanabas, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2020 17:35 facebook.com / DumanTanabas
Бір ғана АиФ-тың Қазақстандағы тиражы 60 мыңнан асып жығылады екен.

Тоқаевтың "Ана тіліне" берген сұхбаты Тәңірньюс арқылы орыстілді аудиторияға тарап, одан әрі Ресейдегі Жириновскийдің жақтастарына жетсе керек. "Мемтілге қатысты төте талап қойған Тоқаев Путинге қарымта қайтарды" деп долбарлапты олар, деп жазады желіде журналист Думан Бықай.

"Ұлттық кеңестің құрамында кілең ұлтшылдар отыр" деп дабыл қағыпты.

Ашаршылық ақиқатын ашық айта бастаған "Ақжолдың" әрекетін арандату деп, Украинадағы майданның неден бастау алғанын меңзеп өтіпті. Тоқ етерінде "Ресейге қарсылықты Тоқаевтың өзі ушықтырып отыр" деп түйіндепті. Құдай біледі, осы айтқанды ішінара өз ішіміздегі орыстілді ақпарат құралдары да іліп әкетуге әзір отыр.

Путиннің электораты біздің елде де бар!

Ал, енді бұдан түйуге болады? Түнеукүнгі Путиннің "Ресей сыйға тартқан территория" туралы мәлімдемесі паранойя емес, негізінде нақты есеп. Путин өз электоратын жатқа біледі. Ол үшін орынтағын сақтап қалудың жалғыз жолы осы - электораттың тілінде сөйлеу. Путиннің электораты біздің елде де бар... Осы электоратқа Ресейде шығатын орыс басылымдары еш шектеусіз емін-еркін таралуда. Аудиториясы да ауқымды. Бір ғана АиФ-тың Қазақстандағы тиражы 60 мыңнан асып жығылады екен. Нақты саудаға түсетін тираж. Солардың контентін сүзіп шығыңызшы, АҚШ-ты, Батысты жамандаған, Путинді дәріптеген, Трампқа тісін қайраған материалдан көз тұнады. Америка президентін келемеждеген карикатуралар тіпті тұрпайы енді... (сотқа сүйреуге болады). Түптеп келгенде осындағы орыс аудиториясын ауыздандырып, тап-таза пропаганда, провокациямен айналысып отыр.

Біз АҚШ-пен араз емес едік қой?

Тұтастай алғанда ресейлік басылымдардың Қазақстанда таралуына қандай негіз бар? Өткенде Комсомолкаға сұхбат берген Тоқаев "орыс диаспорасы" жоқ. Олар осы елге сіңісті" деді емес пе? Ақпараттық саясат оларға да ортақ болуы керек еді ғой? Путиннің осындағы электоратын ырыққа бағындыру, ыдырату Қазақстанда таралатын ресейлік басылымдарға тоқтау салудан, не болмаса солардың жазған-сызғанын елеп-екшеуден басталады. Сайттарға қатысты да сол ұстаным. Мысалға қос тілде таралатын мына сайт Ұлттық кеңес мүшесін "националист" деп нақақтан-нақақ күйе жағыпты ehonews.kz. Тоқаев қазақ тілді БАҚ-қа сұхбат беруін жиілеткен сайын, Ресейдің, орыстілді аудиторияның кері реакциясы көбейеді. Ресей пропагандасына қарсы тұратын азаматтардың үлкен шоғырын қалыптастырмай ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаймыз.

Ал қазақтілді БАҚ-қа сұхбат беру бұдан кейін тақырыптық тұрғыдан түрленсе деген ниет бар.

Той, телеарна, тіл мәселесін қашанға дейін талғажау етеміз, қазақ аудиториясы қаржылық-экономикалық мәндегі сұхбатқа сусап отыр.

Күні кеше "Независимая газетаға" берген Келімбетовтер әлі де өз әлемінде өмір сүреді. Тоқаевтың сұхбаты соларға да қозғау салса, сең қозғалған болар еді, дейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: