Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мәдениет саласының мүмкіндіктерін тұрғындарды рухани жаңғырту және біріктіру үшін пайдалану қажет

Аймақ басшысы жаз маусымында қала балаларын ауылдағы туыстарына жіберудің маңыздылығын тілге тиек етіп, онда олар өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол екендігін айтып өтті.

Сурет : zhambyl.gov.kz22 Маусым 2020, 13:32

Бос уақытты тиімді және танымдық деңгейде өткізу, дене шынықтыру сабақтары – бұл уақытша оқшауланған азаматтардың күнделікті өмірінде қажетті компоненттер. Карантин жағдайында мәдени және спорт мекемелерінің үлкен мүмкіндіктерін толық пайдаланған абзал. Бұл туралы аудандар және Тараз қаласымен бейнеконференция режимінде өткен басқосуда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тілге тиек етті.

Жиында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев халықты мәдени-ағарту іс-шараларымен қамту мақсатында тиісті басқарманың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Қазіргі уақытта бұл салада 537 мекеме жұмыс істеуде. Оның 27-сі тікелей мәдениет басқармасына, қалған 510-ы аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктеріне қарасты. 2018-2019 жылдары оңтайландыру мақсатында 11 клуб мекемесі мен 17 ауылдық кітапхана жабылып, құрылымдық қайта құру нәтижесінде 49 штат бірлігі қысқарған.

Ағымдағы жылы мәдениет саласын дамытуға мемлекет қазынасынан 7,1 миллиард теңге бөлінген. Бірқатар аудандарда жаңа мәдени орталықтар мен коворкинг орталықтарын салу жоспарлануда. Атап айтсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үш нысан салу және бес нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. Тағы үш нысанның құрылысы «Ауыл - ел болашағы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.

Бердібек Сапарбаев мәдени нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының мәселелеріне назар аударды. Осыған байланысты құрылыс басқармасына бірқатар ескертулер айтылды.

- Жаңа құрылыс салу және қолданыстағы мәдени нысандарды қалпына келтіру үшін ең алдымен сіз жауаптысыз. Әзірге бұл жауапкершілік сіздің тарапыңыздан сезілмейді. Соның салдарынан біз жаңа нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауда да, қолданыстағыларды жөндеуде де маңызды кемшіліктерге куә болып отырмыз. Мәселен, 3 мыңнан астам халқы бар Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында небары 90 орындық клуб салу жоспарланған. Біздің араласуымыздан кейін ғана жобалық құжаттама өзгеріп, нысанның қуаттылығы 180 орынға дейін ұлғайтылды. Ал Талас ауданы, Қараой ауылында қабырғалары қисайған ауыл клубы ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған. Мұның бәрін сіз назарға алмасаңыз, кім қадағалайды?

Облыс әкімі Тараз қаласында да, облыс аудандарында да мәдени шараларды көптеп ұйымдастыруға айтарлықтай көңіл бөлді. Айталық, бұл орайда облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанның Таразда Қырғызстан, Өзбекстан және Татарстан шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ашық аспан астындағы театр фестивалін өткізу туралы ұсынысы қолдау тапты.

- Азаматтарды рухани жаңғыртуға және біріктіруге бағытталған іс-шараларды, мәселен, этнофестивальдерді жиі өткізуді қолға алсақ ұтылмаймыз. Жастар тәрбиесіне қатысты тағылымды шараларды, сондай-ақ аналар мен әкелер форумдарын, Әулиеата жерінен шыққан қазақ өнерінің «жұлдыздарының» қатысуымен өтетін түрлі мазмұнды кездесулерді ұйымдастырып отыру керек , - деді облыс әкімі.

Б.Сапарбаев мәдениет қызметкерлеріне, Тараз қаласының әкімдігіне жаңа мәдени нысандардың мүмкіндіктерін пайдалану, мектеп оқушылары мен жастарды барынша тарту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сауықтыру лагерлері әзірге қол жетімсіз болғандықтан, балаларға қызықты, танымдық экскурсиялар қажеттігін алға тартты.

Аймақ басшысы жаз маусымында қала балаларын ауылдағы туыстарына жіберудің маңыздылығын тілге тиек етіп, онда олар өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, басқосуда облыстық филармонияның алдына нақты міндеттер қойылды. Карантиннен кейін облыс өнерпаздары ауылдық жерлерге, әсіресе шалғай елді мекендерге ат басын бұратын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер