Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бұрынғы әскери қызметшілерге тұрғын үй беру мәселесі қаралды

Жаңа шынайылық жағдайындағы әскердің жауынгерлік дайындығы.

Сурет : ҚР Қорғаныс министрлігі9 Шілде 2020, 00:48

Қорғаныс министрлігінде апталық аппараттық кеңес барысында қазақстандық әскердің қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы Күштерде жедел және жауынгерлік дайындық шаралары жалғасуда. Бірлескен штабтық жұмылдыру оқу-жаттығу барысында кейбір құралымдарының стратегиялық резервтері, сонымен қатар бөлімдердің жеке құрам мен техникамен қамтамасыз етілуі мақсатқа сәйкес еместігі анықталды. Одан бөлек, қысқы оқу кезеңі қорытындысы бойынша "рота-взвод" бөлімінде кемшіліктер шықты. Әскерде мамандықтар бойынша дайындықтың жалғасып жатқан уақытты тиімді пайдалана отырып, қолбасшыларға кемшіліктерді жою тапсырылды.

Сондай-ақ, шілде айында Бірыңғай кешенді стратегиялық тапсырманы орындау аясында өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің қолбасшылары арнайы әскери операция тақырыбында топтық жедел тапсырмаларды орындайтын болады.

Әскердің күнделікті қызметі бұдан бұрын қойылған шектеулер мен санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы ұйымдастырылған. Карантиндік режимді күшейту аясында бөлімшелердің жауынгерлік әзірлікті сақтай отырып, жеке құрамның басым бөлігі қашықтықтан жұмыс режиміне ауысты. Қоғамдық көліктің жұмысы шектелуіне байланысты әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау үшін қызметтік көлікпен тұрғылықты жеріне дейін тасымалдау тапсырылды.

Министр командирлерге үй жағдайында қашықтықтан қызмет атқаратын әскери қызметшілердің қонаққа баруын, достары мен туыстарымен кездесулерін болдырмауды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен, оның ішінде балалар коронавирустық инфекцияның әскери ортаға таралуына бірден бір себепкер болып табылатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жақсартуды талап етті.

Әскерде командалардың Армия халықаралық ойындарына дайындықтары жалғасып жатыр. Қазақстандық контингенттің ауысуы тамыз айына жоспарланған.

Полигондарды толық тазартуды уақытылы аяқтау қажеттілігі де атап өтілді.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерімен жасақталып жатыр. Шақыру комиссиялары өз жұмыстарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай келе орындауда.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев шақырушылардың ауқымды бөлігін коронавирусты анықтайтын зертханалық тексеруінен өткізуді және жергілікті басқару органдарымен өзара әрекетесуде қажетті шығын материалдармен қамтамасыз етуді қолға алуды тапсырды. Сарбаздардың денсаулықтарын сақтау, әскери ортада індеттің таралуына жол бермеу үшін оларды екі рет: шақыру пунктерінде, әскери бөлімге келгеннен кейін тексеруден және екі апталық карантинге міндетті оқшаулауға жіберу мақсатқа сәйкес өткізіледі.

Әскерге дейінгі және әскерге шақырылушылармен тікелей жұмыс атқаратын жергілікті басқару органдарына жұмыстарының сапасын арттыру тапсырылды. Әскери комиссариаттардың қызметі, техникалық қамтамасыз етілуі мен сипатамасы бойынша заманға сай еместігі атап өтілді. Ал жергілікті басқару органдары болса "жедел әрі сапалы" электронды форматқа бағытталған заманауи жұмысын көрсетулері керектігі айтылды.

Жергілікті әскери басқару органдарының қызметін және сыртқы келбетін өзгерту - басым міндеттерінің бірі, өйткені олар Қарулы Күштердің "бет бейнесі" болып табылады. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне егжей-тегжейлі жоспар дайындап, орындауға "цифрлы әскери комиссариат" жобасын да қолға алуға жедел түрде кірісу тапсырылды.

Қарулы Күштердегі тапқырлық пен жаңашылдық қызметі күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелердің бірі болды. Министр жаңа идеялар мен әскери технологиялар саласындағы шығармашылық қорғаныс ведомствосының басшылығы тарапынан қолдау табатынын атап өтті.

Айта кетсек, әскери қызметшілердің тапқырлық қабілеттері әр салада белсенді қолданады. Әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы курсанттардың оқу процестеріне түрлі жаңалықтар енгізуде. Мысалы, Әуе қорғаныс күштері Әскери институты курсанттарына құрамына төрт Л-39 оқу-жауынгерлік ұшағы, екі Ми-8МТ жауынгерлік тікұшағы және ұшуларды басқару топтарына арналған екі жұмыс орны кіретін "Виртуалды аэродром" тренажерлік кешені ұшу тәжірибелерін жүзеге асыруға берілген.

Кеңес барысында бұрынғы қызмет еткен әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Қызметтік тұрғын үйді алмастыру механизмін іске асыру жалғастырылатын болады.

Аппараттық кеңес барысында қорғаныс ведомствосының басшысы лауазымдық міндеттерін адал әрі сапалы орындағаны және лауазымды қабылдағаннан кейін орын алған кемшіліктерді уақытылы жойғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы авиациялық базасының командирі полковник Мақсұтбек Әділбаевқа алғыс жариялады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер