Жаңалықтар тізбегі
0

"СҚ-Фармация" және бірқатар органдар жемқорлыққа қарсы тексеріледі

perekrestokinfo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2020 19:34 perekrestokinfo.ru
Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жүргізетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің "бастамашылық" сыртқы талдауларының кестесі де әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кестесін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында ресми сайтқа 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кестесін орналастырды (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/48621?lang=kk).

Онда ең алдымен барлық өңірлерде орталық аппарат пен департаменттер бір мезгілде жүргізетін "өтпелі" талдаулар көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен жұртшылықтың қатысуымен "СҚ-Фармация" ЖШС, ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарының, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметтеріне талдау жүргізеді.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жүргізетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің "бастамашылық" сыртқы талдауларының кестесі де әзірленді. Нысандар өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері мен азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер негізінде айқындалған.

Агенттік тиісті салалардағы белсенді азаматтар мен сарапшыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тікелей тартылған жұмыс топтарының құрамына шақырады.

Кез келген адам кестеде көрсетілген сыртқы талдау нысандарының құзыретіне кіретін әкімшілік кедергілер туралы мәліметтерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайларды жою туралы сындарлы ұсыныстар бере алады.

Егер Сізге сыбайлас жемқорлық туралы белгілі болса, сіз 1424 call-орталығына 24/7 режимінде хабарласа аласыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: