Жаңалықтар тізбегі
0

"Әділ сөйлеп, адал жүр". Түркістанда осындай мурал салынды

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2020 03:45 Арайлым Тастемір
"Отырар" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен жас облыс орталығында адалдық құндылығына негізделген "Әділ сөйлеп, адал жүр" атты жаңа мурал салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан қаласына қарасты "Отырар" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген.

Көз тартар композицияның негізгі ерекшелігі - биіктігі 15 метрді құрайтын мурал ұлы ақынның "Әділ сөйлеп, адал жүр" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, бұл жаңа композиция қала тұрғындарының арасында әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ.

Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты асыл сөздерінен бастау алған бұл келелі бастама, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалаларда өз жалғасын табатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: