Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда КТ аппаратынан қалай тегін өтуге болады?

wikipedia, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2020 21:07 wikipedia
ПТР тест сынамасын тапсырудың да өзіндік алгоритмі бар.

Компьютерлік томография аппаратынан медициналық көрсетіліміне байланысты жолдама алған науқас тегін өте алады, деп хабарлайды zakon.kz жергілікті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Яғни, өкпе қабынуына шағымданушылар учаскелік дәрігердің қабылдауынан кейін, тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелген емханадан жолдама алу арқылы,​ КТ аппаратынан тегін тексеріле алады.
Қазіргі уақытта​ Атырау облысы 10 КТ аппаратымен қамтамасыз етіліп отыр.

Оның ішінде 7 аппарат мемлекеттік емдеу орындарында (облыстық аурухана – 2, облыстық №2 аурухана - 1, кардиорталық – 1, онкология диспансері – 1, облыстық балалар ауруханасы – 1, Жылыой аудандық орталық ауруханасы – 1), 3 аппарат жеке клиникалар секторында орналасқан.

Бүгінде денсаулық сақтау басқармасы КТ аппаратына балама ретінде рентген аппаратына түсуді ұсынып отыр. Яғни, өкпе қабынуына шағымданушылар өзі тіркелген емханадан рентген аппаратынан тексеруден өте алады. Рентген аппаратының қорытындысы арқылы, өкпенің жағдайы туралы толыққанды ақпарат алуға болады" делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен бірге, ПТР тест сынамасын тапсырудың да өзіндік алгоритмі бар. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ПТР тест сегіз зертханада алынуда.

Олар​ Ұлттық сараптама орталығы (Атырау қаласы), Ұлттық сараптама орталығы (Теңіз қалашығы), "Олимп" зертханасы, "Проспект Медикал" (Атырау қаласы), "Проспект Медикал" (Теңіз қалашығы), Геолог емханасы, "Инвиво" зертханасы және Health Care Atyrau.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: