Жаңалықтар тізбегі
0

SCAT, Air Astana, Fly Arystan клиенттеріне тоқтатылған рейстердің ақшасы қайтарылады

belnovosti.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 21:59 belnovosti.by
"Бек Эйр" АҚ әуекомпаниясына ТҚҚК-нің 2 талап арызын Алматы қаласының Түрксіб соты толық көлемде қанағаттандырды. 990 тұтынушының мүдделері қорғалды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтық авиация саласында азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сауда және Интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бек Эйр-дан басқа, Комитет қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында төтенше жағдай кезінде жойылған рейстерге билеттердің құнын қайтару бойынша Scat, Air Astana, Fly Arystan авиакомпанияларымен өзара іс-қимыл жасайды. Бүгінгі таңда Комитетпен осы уақытқа дейін ақшалай қаражаты өтелмеген азаматтардың тізімі жасалуда.

Осыған байланысты, отандық авиакомпаниялардың тоқтатылған рейстері үшін қаражат алмаған азаматтар (төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты) билетті сатып алғанын растайтын барлық құжаттарды (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, авиабилет, төлемді растау) қоса бере отырып, ТҚҚК-не жүгінуі қажет.

ТҚҚК-нің атына өтініш электрондық үкімет порталы арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app. Поштамен мына мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс. Сондай-ақ телеграмм-бот арқылы: kzpp_bot.

Естеріңізге сала кетейік, "Бек Эйр" АҚ әуекомпаниясына ТҚҚК-нің 2 талап арызын Алматы қаласының Түрксіб соты толық көлемде қанағаттандырды. 990 тұтынушының мүдделері қорғалды. Сот "Бек Эйр" АҚ-на тоқтатылған рейстерге билеттер үшін азаматтарға жалпы 60,1 млн.теңге қайтаруды міндеттеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: